Күз бен қыс көбіне «суық тию маусымы» деп аталады. Дәл осы кезде жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары жиілейді, ал олардың басым бөлігі вирустық сипатта. Эпидемиологиялық зерттеулерге сәйкес: біздің жарты шардағы вирустық инфекциялардың шыңы қарашадан сәуірге дейінгі уақытқа келеді [1]. Бірақ неге олай болады? Неге біз дәл суық мезгілде жиі ауырамыз?


Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары қалай дамиды

Суық тиюдің не үшін күз бен қыс мезгілінде оңай таралатындығын түсіну үшін, вирустың ағзаға қалай енетінін ұғып алу керек.

Суық тию — бұл вирустық инфекция, оның негізгі белгілері:
жалпы әлсіздік, мұрынның бітелуі және мұрыннан су ағуы, тамақтың ауруы, бас ауруы, жөтел және сәл дене қызуының көтерілуі.

Аурудың дамуы үшін бірнеше фактор қатар келуі керек:

  1. Вируспен байланыс — көбіне ауа-тамшы жолымен (жөтел, түшкіру, сөйлесу) немесе тікелей жанасу (қол алысу, ортақ заттар) арқылы жүреді.
  2. Вирустық бөлшектердің жеткілікті саны — яғни организмге нақты қауіп төндіретін мөлшерде түсуі [2].
  3. Ағзаның қорғанысының әлсіреуі.

Вирус шырышты қабық арқылы өтіп, жасушаларға бекініп, олардың ішіне енуі керек. Егер иммундық жүйе жақсы жұмыс істесе, вирус организмге орнығып үлгермей жойылады. Бірақ иммунитет әлсіреген жағдайда (созылмалы аурулар, дұрыс тамақтанбау, стресс, ұйқының жетіспеушілігі, қарт адамдарда немесе балаларда) вирус көбеюге мүмкіндік алады [2].


Неліктен күзде және қыста жиі ауырамыз?

Мұнда бірнеше биологиялық, экологиялық және мінез-құлықтық факторлар әсер етеді.

  • Жабық бөлмелерде көбірек болу. Суық жыл мезгілінде адамдар желдетілмейтін орындарда- дүкендерде, көлікте, кеңседе, мектепте көп жиналады. Мұндай жағдайда вирустар оңай тарайды.
  • Ауа райы. Суық және құрғақ ауа көптеген вирустардың тіршілігі мен таралуына қолайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар, мұндай ауа қорғаныштың бірінші қатарын - мұрын мен тамақтың шырышты қабығының қорғаныс қабілетін төмендетеді.
  • Иммунитет. Төмен температура мен күн сәулесінің азаюы иммундық жүйенің қызметі үшін маңызды D дәруменінің деңгейін төмендетеді. Қыста сонымен қатар стресспен байланысты кортизол деңгейі көтеріледі.
  • Тамақтану. Қыста рацион әдетте дәрумендер мен минералдарға кедей болады, бұл организмнің қорғаныс күшін одан әрі әлсіретеді [3].

Неліктен күзде және қыста жиі ауырамыз?

Қыста иммунтитетті қалай нығайтуға болады?

Иммунитеттің әлсіреуі суық мезгілде ауруды тудыратын негізгі факторлардың бірі болғандықтан, оны қолдауға назар аудару маңызды.

  • Рационды дәрумендермен, минералдармен (мырыш, селен, темір) және пробиотиктермен (йогурт, ашытылған көкөністер) байытыңыз.
  • Ұйқы және демалу тәртібін сақтаңыз.
  • Орташа физикалық белсенділікті сақтаңыз.
  • Стресті азайтыңыз.
  • Гигиенаны сақтаңыз, әсіресе басқа адамдармен байланыста болған кезде.

Суық тию кезінде ағзаға қалай көмектесуге болады?

Алдын алу шараларымен де суық тиюден аулақ болу әрдайым мүмкін бола бермейді. Мұндай жағдайларда бегілердің ауырлығын азайту және сауығуды тездету үшін иммунитетіңізді қолдау маңызды.

Қолданылған әдебиет тізімі:

  1. Dowell S.F., Shang M.H. Жұқпалы аурулардың және ауыр жедел респираторлық синдромның маусымдылығы біз білмейтін нәрсе бізге зиян тигізуі мүмкін. Lancet Infect Dis. 2004 Oct 30; 4(11):704–708.
  2. Tobin E.H., Thomas M., Bomar P.A. суық тиюге басым назар аударылған жоғары тыныс жолдарының инфекиялары. [4 мамырда 2025 жаңартылған]. В: StatPearls [Интернет]. Treasure Island (FL): StatPearls Publishing; 2025 Jan-. Сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.ncbi.nlm.nih.gov/books/NBK532961
  3. Miyu Moriyama, Hugentobler W.J., Iwasaki A. Респираторлық вирустық инфекциялардың маусымдылығы. Annual Review of Virology. Том 7; 2020; 83–100.