Tonsilgon logo
TON tabs instr

Тонзилгон® Н таблеткалары нұсқаулық

Дәрілік препаратты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық (Қосымша парақ) – Тонзилгон® Н таблеткалары

Тонзилгон® таблеткалары туралы негізгі ақпарат

Саудалық атауы
Тонзилгон® Н

Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы
Қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы
Респираторлық жүйе. Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
АТХ коды R02AA20

Тонзилгон® таблеткаларын қолдануды бастамас бұрын қажетті мәліметтер

Тонзилгон® Н таблеткалары қолдануға арналған көрсеткіштер

  • суық тиюдің алғашқы белгілерінде және соның барысында қолдану үшін, мысалы, тамақтың жыбырлауы, тамақтың ауыруы, жұтынудың қиындауы
  • жоғарғы тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларының (тонзиллит, фарингит, ларингит) профилактикасы және емдеу
  • респираторлық вирустық инфекциялар кезіндегі асқынулардың профилактикасы және бактериялық инфекциялар кезіндегі антибиотиктермен емге қосымша ретінде

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе дәрілік препараттың қандай да бір қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық;
- күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктерге, мысалы, жусан, мыңжапырақ, хризантема, дәстүргүл, түймедақ гүлдеріне айқаспалы реакция деп аталатын белгілі аллергия;
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы, фруктоза жақпаушылығы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер;
- 6 жасқа дейінгі балалар;

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

Егер симптомдар 1 аптадан астам уақыт сақталса немесе ентігу, қызба, іріңді немесе қанды қақырық пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Бактерияға қарсы дәрілік заттармен біріктіру мүмкін және орынды. Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.

Арнайы ескертулер

Тонзилгон® Н құрамында глюкоза, сахароза және лактоза бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы, фруктоза жақпаушылығы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс.

Қант диабеті бар пациенттер

1 таблетка шамамен 0,02 нан бірлігіне (НБ) баламалы.

Тонзилгон® Н таблеткалары педиатрияда қолданылуы

6 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды

Жүктілік

Тонзилгон® Н қабықпен қапталған таблеткаларын жүктілік кезінде қолдану жөніндегі деректер, сондай-ақ репродуктивтік уыттылық бойынша зерттеулер жоқ.
Тонзилгон®Н қабықпен қапталған таблеткалар препаратын жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды

Бала емізу

Белсенді заттар немесе олардың метаболиттерінің адамда сүтке бөлінетін-бөлінбейтіні белгісіз. Емшек сүтімен қоректенетін балаға төнетін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Тонзилгон® Н қабықпен қапталған таблеткалар препаратын бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлікті басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.

Тонзилгон® таблеткаларын қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Жедел ауруларда

6 – 11 жастағы балалар күніне 5 - 6 рет 1 таблеткадан қабылдайды
Ересектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер күніне 5-6 рет 2 таблеткадан қабылдайды.

Жедел симптомдар жойылғаннан кейін

6 – 11 жастағы балалар күніне 5 - 6 рет 1 таблеткадан қабылдайдыЕресектер мен 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер күніне 3 рет 2 таблеткадан қабылдайды.

Жедел симптомдар жойылғаннан кейін емдеуді кемінде бір апта жалғастыру керек.

Таблеткаларды шайнамай және аздаған су мөлшерімен іше отырып, бүтіндей жұтады.
Бүйрек және / немесе бауыр дисфункциясы кезінде ерекше дозалауды ұсыну үшін деректер жеткіліксіз.

Енгізу әдісі мен жолы

Ішке қолдануға арналған.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Тонзилгон® Н таблеткаларын аурудың өткір кезеңінде тәулігіне 5-6 рет және жедел симптомдар жоғалғаннан кейін күніне 3 рет қабылдайды.

Емдеу ұзақтығы

Препаратты дәрігермен кеңесусіз қатарынан 2 аптадан артық қабылдауға болмайды.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Емдеу симптоматикалық.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну ұсынылды

Егер препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса, дәрігерге қаралуға кеңес беріледі.

Тонзилгон® таблеткаларының жағымсыз әсерлері

Препаратты стандартты түрде қолданған кезде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар (Тонзилгон® Н таблеткаларының жанама әсерлері)

Келесі жағымсыз әсерлері болуы мүмкін:

Сирек

- асқазан-ішек жолының бұзылыстары (іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу)
- препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, есекжем, ентігу сияқты).

Белгісіз

- түймедақ гүлдері бар препараттарды қабылдау кезінде аса жоғары сезімталдық реакциялары болуы мүмкін

Қандай да бір жағымсыз реакциялар туындағанда препаратты қолдануды тоқтатып, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Тонзилгон® Н бір таблетканың құрамы:
белсенді заттар:
ұнтақ түрінде:
жалбызтікен тамыры 8 мг
түймедақ гүлдері 6 мг
қырықбуын шөбі 10 мг
грек жаңғағының жапырақтары 12 мг
мыңжапырақ шөбі 4 мг
емен қабығы 4 мг
дәрілік бақ-бақ шөбі 4 мг
қосымша заттар:
таблеткалар ядросы: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, картоп крахмалы, стеарин қышқылы, глюкоза моногидраты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы;
таблеткалар қабығы: кальций карбонаты, майсана майы, глюкоза шәрбаты, сахароза, жүгері крахмалы, декстрин, монтан гликоль балауызы, повидон К 25, повидон К 30, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, шеллак, тальк.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, тегіс беткейлі ақ немесе ақ дерлік түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Қабықпен қапталған 25 таблеткадан алюминий фольгадан және ПВХ/ПВДХ үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

Роттендорф Фарма ГмбХ
Остенфельдер штрассе, 51-61,
59320, Эннигерло, Германия
Телефон: +49 / (0) 9181 / 231-90
Факс: +49 / (0) 9181 / 231-265
электронды пошта: info@bionorica.de

Қаптаушы

Бионорика СЕ
Кершенштайнерштрассе 11-15
92318 Ноймаркт, Германия
Телефон: +49 / (0) 9181 / 231-90
Факс: +49 / (0) 9181 / 231-265
электронды пошта: info@bionorica.de

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Бионорика СЕ
Кершенштайнерштрассе 11-15
92318 Ноймаркт, Германия
Телефон: +49 / (0) 9181 / 231-90
Факс: +49 / (0) 9181 / 231-265
электронды пошта: info@bionorica.de

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Бионорика КАЗ» ЖШС
050060 ж. Алматы, Жароков көш. 331, тел: 250-93-99
e-mail: info@bionorica.kz

Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

Сұрақ-жауап

Жиі қойылатын сұрақтарға қосымша жауаптар сайт мәзіріндегі сілтемеде

Таблеткалар жоғарғы тыныс жолдарының фарингит, ларингит және тонзиллит сияқты жедел және созылмалы қабыну ауруларын емдеуге көрсетілген. Препарат ЖРВИ кезінде қайталанулар мен асқынулардың алдын алу үшін, сондай-ақ антибиотиктермен бірге біріктірілген ем құрамында қолданылады.

Таблеткалар жоғарғы тыныс жолдарының фарингит, ларингит және тонзиллит сияқты жедел және созылмалы қабыну ауруларын емдеуге көрсетілген. Препарат ЖРВИ кезінде қайталанулар мен асқынулардың алдын алу үшін, сондай-ақ антибиотиктермен бірге біріктірілген ем құрамында қолданылады.

Ауырсыну мен қабынудың айқындылығы азайғаннан кейін қабылдау жиілігі күніне 3 ретке дейін төмендетіледі. Бір реттік доза өзгермейді (6–11 жастағы балаларға 1 таблеткадан, ересектер мен 12 жастан бастап жасөспірімдерге 2 таблеткадан). Белгілер жойылғаннан кейін емдеу курсын кемінде тағы бір апта жалғастыру ұсынылады.

Таблеткаларды бүтіндей жұту керек, оларды шайнауға, сындыруға немесе қорғаныш қабығын зақымдауға болмайды. Препаратты жеткілікті мөлшердегі ауыз сумен (шамамен жарты стақан) ішу қажет. Қабылдау уақыты тамақтану уақытына байланысты емес.

Иә, таблетканың қабығының құрамында көмірсулар (оның ішінде лактоза мен сахароза) бар. Қант диабеті немесе белгілі бір қант түрлерін көтере алмаушылығы бар науқастар қабылдауды бастамас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесуі немесе нұсқаулықтағы «Құрамы» бөлімін мұқият оқып шығуы қажет.

Таблеткалар препараттың асқазан-ішек жолында біртіндеп еруін қамтамасыз ететін арнайы қорғаныш қабықпен қапталған. Оларды сындыру, шайнау немесе ұсақтау ұсынылмайды — таблетканы бүтіндей жұту қажет.

Қайдан сатып алуға болады?

Сілтеме бойынша өтіп, өзіңізге қолайлы дәріхананы таңдаңыз