Тамақтың ауруы көбінесе тонзиллит деп аталатын бадамшалардың қабынуымен байланысты.
Бадамшалар – бұл тамақтың артқы бөлігінде орналасқан екі кішкентай мүше, олар вирустар мен бактерияларды ұстап қалу арқылы қорғаныс қызметін атқарады.
💡 Қызықты дерек: Тамақ ауруының 90%-ы вирусттық инфекциядан туындайды, сондықтан антибиотиктер көп жағдайда пайдасыз!
Ауырсыну мен қабынуды тиімді жою үшін жергілікті де, жүйелі де емдеуді қамтитын кешенді тәсіл қажет:
💊 Жергілікті әдістер (шаю, мұз кәмпит, спрейлер мен ингаляциялар) белгілерді тез жеңілдетуге көмектеседі, бірақ уақытша ғана, себебі олар қабынуды жүйелі түрде жоймайды.
🌿 Жүйелі емдеу (қабынуға қарсы өсімдік тектес препараттар, қажет жағдайда антибиотиктер және мол көлемде сұйықтық ішу) қабынуды ағзаның ішкі жағынан жоюға және асқынулардың алдын алуға бағытталған.
❌ Дәрігердің тағайындауынсыз антибиотик қабылдау – пайдасын тигізбеуі мүмкін, тіпті зиян келтіруі ықтимал.
Бұл әдістерді бірге қолдану ғана тамақтағы аурумен жылдам күресуге және асқынулардың дамуына жол бермеуге көмектеседі.
• 🍯 Бал расында көмектеседі – оның антисептикалық және жұмсартушы қасиеттері бар.
• 🥛 Бал қосылған сүт көпшіліктің ойлағанындай қақырықты көбейтпейді. Ол тітіркенген тамақты жұмсартады.
• 🧄 Сарымсақ пен пияз пайдалы, бірақ оларды тмойынға тікелей жағуға болмайды – бұл теріні күйдіріп жіберуі мүмкін.
• ❄️ Балмұздақ – мөлшермен қолданғанда зиянды емес, тіпті кейде салқындату арқылы ауырсынуды жеңілдетеді.
💡 Қызықты дерек: Тұзды сумен тамақты шаю вирустарды өлтірмейді, бірақ қабыну мен жайсыздықты азайтуға көмектеседі!
⚠️ Егер:
• Тамақтағы ауырсыну 5 күннен аса басылмаса.
• Дене қызуы 38,5°C-тан жоғары болып, төмендемесе.
• Тыныс алу немесе жұту қиындаса.
• Бадамшаларда іріңді жабын пайда болса.
• Мойындағы лимфа түйіндері үлкейсе.
💡 Қызықты дерек: Стрептококкты баспаны емдемесе, жүрекке және бүйрекке асқынуі беруі мүмкін!
м.ғ.д., профессор, педиатр-дәрігер