
Тұмау маусымындағы тамақ ауыруы
Қалай белгілерді жеңілдетіп, тезірек сауығуға болады
Күз-қыс маусымы әдетте суық тию ауруларының толқынымен қатар жүреді. Тұмау, тамақтың ауруы және жөтел — дәрігерге жиі жүгінуге себеп болатын ең кең таралған шағымдар. Бұл белгілердің көпшілігі жоғарғы тыныс алу жолдарының вирустық инфекцияларымен байланысты.
Әдетте суық тию жеңіл өтеді және өздігінен жазылады,
алайда дұрыс күтім мен симптоматикалық ем сауығуды жеделдетіп, асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
Тамақ ауыруы — суық тиюдің алғашқы белгісі
Тамақтағы ауырсыну немесе жыбырлау сезімі көбінесе вирустық инфекцияның алғашқы белгісі. Вирус енгеннен кейін ағзада қорғаныс тетіктері белсендіріледі, соның нәтижесінде келесі белгілер пайда болады:
- мұрыннан су ағу және бітелу;
- түшкіру;
- жөтел;
- дене қызуының сәл көтерілуі және әлсіздік.
Инфекция әдетте 7–10 күнге созылады, бірақ кейбір белгілер, мысалы, жөтел ұзағырақ сақталуы мүмкін. Қарапайым суық тиюді тудыратын 200-ден астам вирус түрі белгілі, сондықтан тұрақты иммунитет қалыптаспайды.
Балалар жиі ауырады (жылына 10 ретке дейін), себебі олардың иммундық жүйесі әлі толық жетілмеген, ересектерде жылына — 2–4 ретке дейін.
Тамақ ауруы мен суық тиюді емдеу
Суық тиюдің табиғаты вирустық болатындықтан, емдеу оның белгілерін жеңілдетуге және ағзаны қолдауға бағытталады:
- тамақ ауырғанда — жылы сусындар, жүйелі әсер ететін өсімдік негізіндегі дәрілер, мұзкәмпиттер, ингаляция және ауаны ылғалдандыру;
- жөтел кезінде — оның түріне қарай жөтелге қарсы немесе қақырық түсіргіш дәрілер;
- мұрын бітелуі кезінде — тұзды ерітінділер, кешенді әсері бар өсімдік тектес препараттар (синупрет сілтемесі) және айқын мұрын бітелуінде қан тамырларын тарылтатын тамшылар (бірақ 5 күннен артық қолдануға болмайды);
- дене қызуы көтерілсе — қызу түсіретін дәрілер.
Сондай-ақ режим өте маңызды: демалыс, жеткілікті ұйқы, мол сұйықтық ішу, жылы бөлме және тамақ ауырғанда дауысқа демалыс беру.
Егер белгілер күшейсе немесе 10 күннен артық сақталса,
бактериялық асқынуларды жоққа шығару үшін міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Қалай суық тиюдің алдын алуға болады
Вирустармен толықтай байланыспау мүмкін емес, алайда иммунитетті күшейту және алдын алу шараларын сақтау арқылы ауру қаупін азайтуға болады:
Иммундық жүйені қолдау үшін:
- теңгерімді тамақтану,
- орташа физикалық белсенділік,
- толыққанды ұйқы,
- күйзелісті азайту,
- сұйықтықты жеткілікті мөлшерде қабылдау.
Вирустардан қорғану үшін:
- көп адам жиналған жерлерден және науқас адамдармен тікелей байланыстан аулақ болу,
- қолды жиі жуу,
- бөлмені желдету және ауаны ылғалдандыру,
- ауа райына сай киіну.
Маңызды ескерту: суықтың өзі ауру туғызбайды, бірақ суықтап қалу ағзаның қорғаныс қабілетін әлсіретеді, сол арқылы вирустарға сезімталдықты арттырады.
Қолданылған әдебиет тізімі:
- Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың қоздырғыштары: оқу құралы / М. И. Морозова, В. Л. Мельников, Н. Н. Митрофанова. – Пенза: Баспа ПГУ, 2015
- Владимирова Т. СОЫЗЛМАЛЫ ТОНЗИЛИТТІ АНЫҚТАУ МЕН ЕМДЕУДІҢ АЛГОРИТМІ
