
Ангина: себептері, белгілері, емі
Ангина — жұтқыншақтың, дәлірек айтқанда — таңдай бадамшаларының өткір жұқпалы ауруы, ол қабынумен, ауыру сезімімен және кей жағдайларда іріңді жабынмен сипатталады. «Ангина» термині — қазіргі медициналық тілде сирек қолданылатын, бірақ сөйлеу тілінде сақталған атау. Ол жедел тонзиллитті немесе созылмалы тонзиллитті осылай атайды.
Ангина кезінде тамақ кенеттен және қатты ауыра бастайды. Ауру кенеттен пайда болып, адамның жалпы жағдайына және өмір сапасына елеулі әсер етеді. Егер дер кезінде дұрыс ем жүргізілмесе, ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Сондықтан дәрігерге уақытылы қаралып, нақты диагноз бен емдеу бойынша кеңес алу өте маңызды, әсіресе баладағы ангина жағдайында.
Ангинаның себептері мен қоздырғыштары
Қоздырғыштары мыналар болуы мүмкін:
- Бактериялар. Көп жағдайда бұл — А тобының β-гемолитикалық стрептокогы, бірақ стафилококктар, пневмококктар және басқа шартты-патогенді бактериялар да себеп болуы мүмкін. Бактериялық ангина кезінде антибиотиктер тағайындалады.
- Вирустар. Аденовирустар, риновирустар, герпес вирустары, тұмау және парагрипп вирустары, сирек жағдайда — Эпштейн–Барр вирусы. Мұндай жағдайда вирустық ангина деп аталады.
- Зеңдік. Зеңдік ангина көбіне күз-қыс мезгілінде кездеседі, әсіресе иммунитет төмендегенде немесе антибиотиктерді ұзақ қолданғаннан кейін.
Бұл сирек түрі. Вирус түрінен бактериялық түрге өтуі иммундық қорғаныс әлсірегенде немесе дененің тоңуы, жеке гигиенаның бұзылуы сияқты қолайсыз жағдайда болуы мүмкін.
Ангина жұқпалы ма деген сұраққа жауап — иә, әсіресе аурудың белсенді кезеңінде. Бұл зеңдік түріне де қатысты, сондықтан науқаспен қорғаныссыз байланысу қауіпті. Науқасты мүмкіндігінше оқшаулап, бөлек ыдыс пен жеке гигиена құралдарын пайдалану қажет.
Негізгі берілу жолы — ауа-тамшылы жолмен, яғни жөтелу және түшкіру арқылы. Жасырын кезеңі әдетте қысқа — бірнеше сағаттан 1–3 күнге дейін. Бірақ қоздырғышы вирус болса 2–14 күнге дейін созылуы мүмкін. Ангина кенеттен басталады, жалпы жағдайдың тез нашарлауымен сипатталады. Алғашқы белгілер байқалғанда немесе алдын алу мақсатында Тонзилгон® сияқты табиғи өсімдік негізіндегі препараттарды қабылдауға болады, бірақ егер белгілер сақталса немесе жағдай нашарласа — дереу дәрігерге қаралу қажет.
Ангинаның түрлері және ол қалай көрінеді?
Ангинаның сыртқы көрінісін түсіну үшін оның клиникалық түрлерін ажырата білу маңызды. Төменде ангинаның негізгі түрлері көрсетілген:
Катаральды ангина. Ең жеңіл түрі, бұл кезде тек шырышты қабықтың беткі қабаты зақымданады. Бадамшалар қызарып, ісінеді, бірақ іріңді жабын болмайды.
Лакунарлы ангина. Бадамшалардың лакуналары зақымдалады. Олардың бетінде сұрғылт-ақ немесе сарғыш түсті шырышты-іріңді жабын пайда болады. Дене қызуы қатты көтеріледі, жалпы жағдай нашарлайды.
Фолликулярлы ангина. Көбінесе стрептококк қоздырғышынан болады және антибиотиктермен емдеуді қажет етеді. Бұл жедел түрде өтеді, бадамшалардың фолликулдары қабынып, интоксикация айқын байқалады.
Фиброзды ангина. Бадамшаларда фибринді жабындар пайда болады және аймақтық лимфаденит (лимфа түйіндері ұлғайып, ауырсынады). Көбінесе фибринозды ангина — лакунарлы немесе фолликулярлы түрінің салдары.
Жаралы-қабықты ангина немесе Симановский-Плаут-Венсан ангинасы. Таңдай бадамшаларында үстіңгі беткейінде жаралар пайда болып, олар лас-жасыл түсті, сасық иісті жабынмен жабылады. Мұндай ангинаны өз бетімен емдеу мүмкін бе? Мүмкін емес.
Некрозды және іріңіді-некрозды ангина. Сирек кездесетін, ауыр өтетін түрі. Бұл кезде бадамшалардың тіндері өліеттеніп, жойылады.
Бұл барлығы емес, бірақ білу керек ангинаның ең негізгі түрлері. Айта кету керек: іріңді ангина — жеке түр емес, ол көбіне бактериялық (лакунарлы немесе фолликулярлы) ангинаны білдіреді, яғни бадамшаларда айқын іріңді жабын болған жағдай. Ангинаның бұл түрлерін көзбен ажыратудың ең оңай жолы — фотосуреттер арқылы көру.
Симптомдары, белгілері және көріністері
Ангинаның әр түрінде белгілердің ауырлығы мен сипаты өзгереді, бірақ жалпы ортақ белгілер бар. Әдетте ангина кенеттен және тез дамиды. Негізгі белгілер:
- жоғары дене қызуы 38,5–40 °C дейін көтеріледі;
- діріл, буын мен бұлшық еттің сырқырауы, бас ауруы;
- жұтынғанда күшейетін қатты тамақ ауруы;
- ауырсыну құлаққа немесе мойынға тарауы мүмкін;
- тамақтың ісінуі, бадамшалар мен доғалардың қызаруы;
- бадамшаларда іріңді нүктелер немесе жабынның пайда болуы;
- мойынның лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ауыруы;
- тәбеттің төмендеуі, жалпы әлсіздік, шаршағыштық;
- сирек жүрек айну немесе құсу байқалады.
Ангинаның сыртқы көрінісін жақсырақ түсіну үшін фотосуреттерге қарауға болады. Көбіне бадамшалар қызарып, ісінген, бетінде ақшыл-сарғыш жабын бар күйде болады.
Бірақ белгілер бойынша тек болжам жасауға болады. Дәл диагноз қою үшін дәрігердің қарауы мен зертханалық тексерулер қажет.
Ангинаны қалай анықтайды?
Жағдайға байланысты ангинаны анықтау кезінде келесі әдістер қолданылады:
- шағымдар мен ауру тарихын жинау;
- жұтқыншақ пен бадамшаларды көзбен қарау (фарингоскопия);
- зертханалық зерттеулер, жалпы қан талдауы, эритроциттердің шөгу жылдамдығы, кейде С-реактивті ақуыз;
- жұтқыншақтан жағынды алып, бактериологиялық егу және антибиотиктерге сезімталдықты анықтау;
- стрептококкқа жедел тест.
Талдауларды алдын ала өз бетімен тапсырудың қажеті жоқ. Нақты жағдайда қандай зерттеу қажет екенін тек маман анықтай алады. Диагностика нәтижелері бойынша дәрігер ангинаны қанша уақыт және қалай емдеу керегін, іріңді ангинаны немен емдеу дұрыс екенін түсіндіреді және басқа сұрақтарға жауап береді. Егер ауру тым жиі қайталанатын болса — бұл да дәрігерге қаралуға себеп.
Ангинаны қалай емдеу керек: жалпы тәсіл
Ангинаны емдеу аурудың түрі мен ауырлығын, науқастың жасын және қосымша жағдайларын ескере отырып кешенді түрде жүргізіледі. Төменде негізгі сатылары көрсетілген.
Қоздырғышпен күрес
Бактериялық түрінде антибиотиктер тағайындалады. Препараттың түрі, мөлшері және қабылдау ұзақтығы жеке таңдалады. Әсіресе іріңді ангина кезінде антибиотик өте маңызды, себебі ірің таралып, ауыр асқынулар туғызуы мүмкін. Ангинаны антибиотиксіз емдеуге бола ма деген сұрақ жиі туындайды. Кейбір жағдайларда иә, бірақ тек вирус тудырған, асқынусыз түрінде ғана, бұл кезде емдеу симптоматикалық сипатта болады.
Симптоматикалық терапия
Негізгі шаралар:
- дене қызуын түсіретін дәрілер (жоғары температура болған жағдайда);
- ангинаға арналған қабынуға қарсы таблеткалар;
- тамақтағы ауырсынуды жеңілдететін дәрілер.
Жергілікті емдеу шаралары
Жиі қойылатын сұрақ: ангина кезінде тамақты немен шайқау керек. Бұл жерде де ол аурудың түрі мен кезеңіне байланысты. Бадамшаларды тазарту үшін арнайы антисептикалық ерітінділер қолданылады. Дәстүрлі медицинада тұзды немесе сода-тұзды ерітінді, түймедақ немесе қырмызыгүл тұнбалары жиі пайдаланылады.
Іріңді ангина кезінде қандай ерітіндімен шайқау керегін дәрігер анықтайды. Бірақ мақсат бір — антисептикалық препараттардың қажеттілігі. Кей жағдайларда бадамшалардың лакуналарын арнайы құралмен жуу қажет, бұл процедураны тек отоларинголог жүргізеді.
Ангина кезінде тамақты немен өңдеу керек? Антибактериалды және қабынуға қарсы аэрозольдермен өңдеу ұсынылады. Бірақ алдымен құрамына аллергия жоқ екеніне көз жеткізу керек.
Жергілікті емдеу шаралары белгілерді жеңілдетіп, микроб жүктемесін азайтады, бірақ негізгі емнің орнын баса алмайды.
Балалардағы ангинаны емдеудің ерекшеліктері
Ангина кезінде балаларға ерекше назар аудару қажет. Емдеу кезінде өте сақ болу маңызды:
- дәрілердің мөлшері мен түрін баланың жасына сай таңдау;
- құрамында агрессивті заттар бар дәрілерді қолданбау;
- дене қызуын, тәбетін және асқынулардың пайда болуын бақылау;
- тамақты шайқау тек бала оны дұрыс және қауіпсіз жасай алатын жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Іріңді ангина кезінде балаға шұғыл түрде медициналық араласу қажет.
Ангинаны үй жағдайында қалай емдеуге болады?
Көп адамдарды алдымен ангинаны үйде қалай емдеуге болады деген сұрақ қызықтырады. Үй жағдайында науқастың жағдайын жеңілдетуге болады, бірақ аурудың ауыр түрінде тек халықтық әдістерге сүйенуге болмайды. Негізгі ұсыныстар — төсектік режимді сақтау, көп сұйықтық ішу, жеңіл тамақтану, ауаны ылғалдандыру, тамақ пен дауысқа мұқият болу. Тұзды ерітіндімен немесе шөп тұнбасымен шайқауға болады, бірақ халықтық емдер тек қосымша қолдау ретінде қолданылуы керек, негізгі ем ретінде емес.
Қолданылған әдебиет тізімі:
- Үлкен медициналық энциклопедия. Ангина.
- Википедия — «Лакунарлық ангина», «Катаралдық ангина», «Фолликулярлық ангина», «Жаралы-жабынды ангина».
- Mayo Clinic — Strep throat.
- National Institutes of Health (NIH) — Tonsillitis.


