Tonsilgon logo

Көпшілікке сөйлеген кездегі тамақтағы жайсыздық пен ауырсыну таныс. Жыбырлау, тырналғандай сезім пайда болады, дауыс қарлығып, қырылдап, тез басылып қалады. Кей жағдайларда жөтел қосылады. Мұндай өзгерістер көбінесе көмейдің шырышты қабаты тітіркенгенде, дауыс байламдарына шамадан тыс жүктеме түскенде немесе қабынғанда пайда болады.

Осындай мәселе көбіне үнемі сөйлеумен байланысты жұмыс істейтін адамдарда кездеседі — мұғалімдер, дикторлар, операторлар, актерлер. Алайда жайсыздық кәсіби жүктемесіз де пайда болуы мүмкін, мысалы инфекциялар аясында. Кейде сөйлегенде және жұтынғанда тамақтағы ауырсыну қабынудың ерте белгілерінің бірі болады.

Егер қабыну мен тамақтағы ауырсыну күйшейсе, ал дауыс тез шаршаса, дауыс байламдарына түсетін жүктемені азайтып, маманға қаралуды кешіктірмеу керек.

Сөйлегенде ауырсыну қалай пайда болады

Дыбыс көмейдегі дауыс байламдарының тербелуі арқылы пайда болады. Сөйлегенде олар түйісіп, дірілдейді, ал шырышты қабат тембрдің қалыптасуына қатысады. Егер тіндер құрғап, тітіркенсе, тіпті қалыпты сөйлеудің өзі жайсыздық туғызуы мүмкін.

Жұтынғанда және сөйлегенде тамақтағы ауырсынудың себептері әртүрлі болуы мүмкін, бірақ көбінесе мыналар жатады:

  • көмейдің қабынуы, мысалы ларингит;
  • ұзақ сөйлеу немесе ән айтудан кейінгі дауыс байламдарының шамадан тыс жүктелуі;
  • құрғақ немесе ластанған ауа;
  • тыныс алу жолдарының вирустық инфекциялары;
  • темекі түтіні немесе суық ауаның әсері.

Бірақ мәселенің нақты себебін өз бетінше анықтау әрдайым мүмкін емес екенін есте сақтаңыз.

Қабыну аурулары

Жиі себептердің бірі — ларингит, яғни көмейдің қабынуы. Оған дауыстың өзгеруі және сөйлегенде жайсыздық тән. Науқастардың жиі шағымдары — дауыстың қарлығуы және жөтел, бұл белгілер көбіне бірге пайда болады.

Инфекциялар кезінде көрініс ұқсас болуы мүмкін. Мысалы, ангинада бадамша бездердің қабынуы ісінуге әкеліп, ол көмей аймағына таралуы мүмкін. Мұндай жағдайда ауырсыну сөйлегенде немесе жұтынғанда күшейеді.

Дауыс байламдарының шамадан тыс жүктелуі

Мәселе әрдайым аурумен байланысты емес. Ұзақ уақыт сөйлеудің өзі де тітіркенуге әкелуі мүмкін. Сөйлеу, ұзақ әңгіме немесе ән айтудан кейін байламдар шаршап, дауыс өзгереді. Мұндай жағдай функционалдық дисфония деп аталады. Ол байламдардың зақымдануымен байланысты емес, бірақ қалпына келуді қажет етеді.

Әдетте келесі белгілер пайда болады:

  • тамақтағы құрғақтық және тартылу сезімі;
  • күйдіру немесе жыбырлау;
  • сөйлегенде ауырсыну;
  • уақытша дауыстың қарлығуы.

Демалып, жүктемені азайтқаннан кейін жағдай, әдетте, жақсарады.

Балалардағы дауыстың қарлығуы

Егер қарлығу туғаннан бастап байқалса, бұл көбінесе көмейдің құрылымдық ерекшеліктерімен байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда туа біткен патологияларды жоққа шығару үшін мүмкіндігінше ертерек тексеру жүргізу маңызды.

Үлкенірек балаларда жағдай біршама жеңіл. Тіс жарып шығып жатырған кезде ауыз-жұтқыншақтың шырышты қабаты аздап ісінуі мүмкін, соның салдарынан дауыс бәсең естіледі. Әдетте бұл өздігінен өтеді, бірақ педиатрмен талқылаған жөн.

Жасөспірім кезеңінде тембрдің өзгеруі ағзаның өсуі мен гормоналдық қайта құрылуына байланысты. Дауыс «сынып», тұрақсыз болуы мүмкін — бұл табиғи процесс, емдеуді қажет етпейді.

Қалай жайсыздықты азайтуға болады

Шырышты қабат тітіркенгенде негізгі мақсат — жүктемені азайту және қалпына келу үшін қолайлы жағдай жасау. Әдетте келесі шаралар көмектеседі:

  • сөйлесуді шектеу, оның ішінде сыбырлап сөйлеуді де;
  • ауаның қалыпты ылғалдылығын сақтау;
  • жылы сұйықтықты аз-аздан ішу;
  • түтін мен суық ауадан аулақ болу.

Мұндай әрекеттер тітіркенуді азайтып, шырышты қабаттың тезірек қалпына келуіне көмектеседі.

Сөйлеген кездегі тамақтың ауырсынуы 2

Қашан дәрігерге қаралу керек

Кез келген жағдайда, егер дауыс қарлығып қалса, емдеуді дәрігер тағайындауы тиіс. Кейбір жағдайларда тексеруді кейінге қалдыруға болмайды:

  • ауырсыну бір аптадан артық сақталады;
  • жайсыздық күшейе түседі;
  • тыныс алу немесе жұтыну қиындайды;
  • қарлығу 10–14 күннен астам уақыт өтпейді;
  • жоғары температура немесе қатты әлсіздік байқалады.

Мұндай жағдайда кәсіби тексеру және себепті нақтылау қажет.

Неліктен белгілерді елемеуге болмайды

Тұрақты ауырсыну мен дауыстың өзгеруі созылмалы қабынуды немесе басқа бұзылыстарды көрсетуі мүмкін. Егер қалпына келмей тұрып дауысқа күш түсіре берсе, тітіркену күшейе береді.

Ерте кезеңде дәрігерге қаралу себепті тезірек анықтауға және дұрыс тактиканы таңдауға көмектеседі. Көп жағдайда уақтылы көмек көрсетілсе, асқынулардың алдын алуға болады.

Көбірек мақалалар